Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

94 жастағы Бибігүл Төлегенова қазіргі өмірі жайлы айтты

94 жастағы Бибігүл Төлегенова қазіргі өмірі жайлы айтты
Қазақтың атын әлемге танытқан бұлбұл әнші жалғыз қызы екеуі нендей күн көріп жүргенін жасырмады.

Ерекше дауысы әр қазақтың құлағында тұрған бұлбұл әнші Бибігүл Төлегенованың сұлулығына әлі де ел қызыға қарайды. Әдемі қартайған әнші ғасыр құрдасына айналғалы отыр. Төлегенова жастайынан сұлулығын сақтап, күтініп жүретін әйелдер қатарынан емес екенін жиі айтады.

Тіпті "сұлулығым өміріме қатты әсер етті, қазақтың қарапайым әйелі ретінде ер адамнан, отбасылық қиындықтан көргенім аз емес "деп жиі есіне алады.

"Қазақта "Бір күн - ауру, бір күн - сау. Таба алмадым дертін" деген мақал бар ғой. Денсаулығым қазір сол сияқты. Бүгін жақсымын. Көбіне үйде отырамын. Қазір далаға шыға алмаймын. Екі аяғым ауырады. Бірақ былай жаман емеспін, Құдайға шүкір. Тамағым да жақсы. Жағдайым да жаман емес. Бір тал қызым бар - Гюзель. Екеуіміз бірге тұрамыз. Көбіне екеуіміз біргеміз. Сол қызым мені бағады, Құдайға шүкір. Қашан да болса, Гюзель жанымда", - деді Бибігүл Төлегенова.

Әнші өзінен бір мүшел үлкен ер адамға анасының рұқсатынсыз тұрмысқа шығып, бақытты бола алмағанын да жасырмайды. Өнерде өз ізін қалдыруды армандаған жас Төлегенова күйбең тірлікті, қара жұмысты, күйеуй көрсеткен қиындықты да басынан өткізген.

 

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар