Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қайрат Сатыбалдыұлының тағы 44,6 млрд теңгесі мемлекетке қайтарылды

Қайрат Сатыбалдыұлының тағы 44,6 млрд теңгесі мемлекетке қайтарылды
ашық дереккөзі
Қосымша қаражат жыл басынан бері өндірілді

Экс-президенттің немере інісі Қайрат Сатыбалдыға қатысты қылмыстық істер бойынша тағы қыруар қаржы мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.

Ресми мәліметке сәйкес, қосымша қаражат жыл басынан бері өндірілді.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің көмегімен Қ. Сатыбалдыға қатысты қылмыстық істерді тергеу шеңберінде мемлекетке 2024 жылдың басынан бастап қосымша 44,6 млрд теңге қайтарылды", - делінген ресми хабарламада.

 

Қазіргі уақытта қаражат мемлекетке келтірілген залалды өтеу есебінен республикалық бюджетке жіберілді.

Айта кетері, бұған дейін антикор Сатыбалдының мемлекетке 650 млрд теңгені ($1,45 млрд) қайтарғанын хабарлаған. Ол қылмыстық жолмен алынған қаражатқа және заңсыз іс-әрекеттерден түскен пайдаға сан алуан мүлік сатып алған. Ал ақшаны Қазақстан мен шетелдегі банк шоттарына салған.

Сондай-ақ салықтан жалтару фактісі бойынша Сатыбалдыға қатысты сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар