Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Бес балам бар": министр Бағдат Мусин балалары қандай талап қойғанын айтты

"Бес балам бар": министр Бағдат Мусин балалары қандай талап қойғанын айтты
gov.kz
Министрің сөзінше, отбасы ол үшін басты құндылық. Сондықтан жанұяда отбасы күні міндетті түрде аталып өтеді, дейді министр

Бағдат Мусин бүгінде бес баланы тәрбиелеп отыр. Министр жұмысы қандай қарбалас болса да, жексенбі күнін міндетті түрде өз жанұясына арнайды екен, деп хабарлайды KYN.KZ "nFactorial Podcast" Youtube арнасына cілтеме жасап. 

Министрдің сөзінше, жексенбіні "отбасы күні" етіп бекіту -  балаларының талабы].

"Бес балам бар. Отбасымыз үлкен. Жанұямыздың әр мүшесінің өз энергетикасы бар. Оның үстіне ата-анам жақсы көмектесіп тұрады. Отбасымнан қуат аламын. Отбасымның арқасында күнделікті күйбең тіршіліктен демаламын. Негізі жанұямызда әдетке айналып кеткен дәстүрлер бар. Ең бастысы - жексенбі күнін міндетті түрде бірге өткіземіз. Бұл біріншіден балалардың қойған талабы. Қазір перзенттеріміз де өсіп жатыр. Олардың да өз жұмыстары болады. Сол себепті бәріміз тірліктерімізді сенбі күні бітіріп, жексенбіні отбасымызға арнаймыз. Біздің жанұяда туған күн, мейрам, балаларымыздың жетістігі міндетті түрде, қалай болғанда да аталып өтеді. Қарбалас болса да, бәріміз уақыт табуға тырысамыз. Ерекше тосынсый жасаймыз. Ақшалай сыйлық емес. Ол бейнебаянның түсірілімі, өлең жолдары, бейнежазба болуы мүмкін. Осындай сәттер ешқашан ұмытылмайды", - деді министр сұхбатында. 

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар