Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Түнгі студия" бағдарламасының жүргізушісі ұзатылды

"Түнгі студия" бағдарламасының жүргізушісі ұзатылды
Жас жұбайлар. Видеодан кадр: instagram.com/aigulmukei
Актриса, "Түнгі студия" телебағдарламасының жүргізушісі Салтанат Серкебаева бүгін "сырғалым" атанды.

Түнгі студия бағдарламасының жүргізушісі, актриса Салтанат Серкебаеваның ұзату тойынан видеолар салынды. Ұзату той танымал тележүргізушілер Айгүл Мүкей мен Ләйлә Сұлтанқызының Instagram-дағы жеке парақшаларында жарияланған.Бұл туралы KYN.KZ хабарлайды.

"Күйеу жігіттің руы найман, есімі Нұржан","Сырғаң құтты болсын!", - деп жазыпты Айгүл Мүкей."Ұлы жүз бен орта жүздің арасында тағы бір көпір орнады", - деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы. Желі қолданушыларыда тележүргізушіге ақжарма тілегін жаудырған: "Әдемі қыз, бақытты бол!" "Бағы баянды болсын! Өнерін тастатпайтын, жиған абыройын таптатпайтын күйеу болсын!". "Маңдайыңнан бақ кетпесін!". Ләйлә Сұлтанқызы Салтанат Серкебаеваның Шығыс Қазақстанға ұзатылып бара жатқанын жазған. 

 

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар