Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Үмітін ертерек ақтамадым": Нұржан Керменбаев шахтада ауыр жұмыс істеген әкесін еске алды

"Үмітін ертерек ақтамадым": Нұржан Керменбаев шахтада ауыр жұмыс істеген әкесін еске алды
инста парақшасынан
Қазақстандық әнші Нұржан Керменбаев шахтада ауыр жұмыс істеген әкесінің үмітін ертерек ақтамағанына жабырқайтынын айтты.

Қазақстандық әнші, "Super star" жобасынан кейін "қапкарашка" атымен танылып кеткен Нұржан Керменбаев ата-анасы және қазіргі жанұясы туралы сырын ақтарды. Әнші отбасы туралы әңгімесін Urpaq подкастында Тәуекел Мүслімге берген сұқбатында баяндап берді, деп жазады KYN.KZ.

Сұқбатта өнер иесі 14 жыл бұрын өмірден өткен әкесі туралы сағынышпен сыр шертті. Әкесінің шахтер болғанын, шахтадағы өмірін қасын жүріп көргенін әңгеміелеп берді.

"Әкемнің қабағына қарап өстім. Таяқ жеген де күндер болды. Бұзықтығым да болды ғой. Әкем күні-түні біз қатарынна қалмасын деп еңбек етті. Ол кісі - істің адамы. Бала кезімде шахтадағы жұмысын көріп өстік... Басындағы фонары бар, ауыр киімдерімен бет-аузы қап-қара болып шахтадан шығып келе жататын...", - деп еске алды әнші әкесімен бірге өткізген күндерін.

Нұржан Керменбаевтың сөзінше, әкесі ұлының алғашқы жетістіктерін көріп, соған марқайған. Әнші осы уақытқа дейін өзегін өртейтін ең үлкен өкінішін айтты.

"Әке-шешемді Алматыға көшіріп алайын. Оларға жақсы өмір көрсетейін деген ой болмапты. Бқл енді іштегі өкініштер, жіберіп алған мүмкіндіктер. Сол кезде мүмкін уақыт та болмады ма екен. Жеке өмірге, отбасыға уақыт бөле алмадым. Мүмкін жас болғаннан кейін шығар. Мен 21 жаста болған өмірден өтті. "Мен Алматыға көшем. Мені Нұржан алып кетеді", деп анама, туысқандарыма айтады екен. Бір жағы - мақтаныш, бір жағы қалауын айтқан екен. Неге әкемнің үмітін ертерек ақтамадым деген ойлер келеді. Кейін психологтармен жұмыс істеп, түсіндік, өткенмен өмір сүруге болмайтынын", - деп жабырқады әнші.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар