Алматы облысы әкімдігі өңірдегі халықтың талай мәселесін шешкен тілшініні "Заңғар" сыйлығымен марапаттады
- автор kyn.kz
- 11 ақпан, 2024
- 1.1k
Күні кеше Алматы облысы әкімінің "Заңғар 2023" жастар сыйлығы өз мәресіне жетті. Дәстүрлі шарада өңірдің дамуына үлес қосқан түрлі мамандық иелері бақ сынады. Журналистика саласы бойынша жас маман Әлібек Шынтемір үздік атанды. Ол халықтың жоғын жоқтап, талай рет шу шығарып барған әкімдіктегілер өзіне атақ пен ақша ұсынғанына таңданып қалыпты. KYN.KZ тілшісі ауыл мәселесін көтергенде батпақ кешіп, құбырға түсіп, жанын салып жүгірген журналистің осы жағдайға орай пікірін білген еді.
Әлібек қазір Алматы телеарнасындағы жаңалықтар қызметінің редактор-журналисі. Соңғы екі жыл ішінде Алматы облысындағы өткір мәселелерді қаузап, жалпақ жұрттың алғысын алып жүр.
Ел ішінде "Шынтемірдің Әлібегі келсе проблема шешіледі" деген пікір де қалыптаса бастапты. Мәселен 2022 жылы 2 маусымда Жауғашты ауылының тұрғындары ауылдың қақ ортасындағы заңсыз салынған ағаш кесетін цехтың жұмысына арызданып, тілші шақырыпты. Ол кезде де Әлібек тиісті тараптарды шақырып, жеткізетін жеріне жеткізіп кейін ол ағаш цех ауылдың сыртына шығарылды.Оны сол ауылдағы Зарина есімді тұрғын растап отыр.
Шынтемір шешкен тағы бір түйткіл Талғар ауданына қарасты Көктал ауылындағы екі ауылды жалғайтын көпірдің мәселесі екен. Тұтас елдімекенге қатынайтын өтпел құлауға шақ тұрған. Ол жолдан күніне мыңдағын жұрт құлай жаздап әрең өтетін. Мәселені көруге тілші барып, әкімдік өкілдерін шақыртып, өзінің әлеуметтік желідегі оқырмандары арқылы "Қазавтожол" ұлттық компаниясына шығып, кейін әкімдік көпір салды.. Осындай жұмысына адал журналист материалынан соң түйіні шешілген түйткілдерді тізе берсе өте көп.
КҮН КЗ: Әлібек сіз Алматы обылысындағы резонансты тақырыптарды жиі көтересіз.Ондағы билік өкілдерін сынап, тіпті біразы сіздің сюжеттен соң жылы орындарын босатыпты. Енді кешегі жүлделі номинацияны да сізге сол өзіңіз сынап жүрген облыс әкімдігі беріп отыр. Бұл енді сіздің өткір тіліңізге бастырық деп есептемейсіз бе?
Әлібек Шынтемір: Шын керек бұл "Заңғар" сыйлығына өзім өніп-өскен Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Ащыбұлақ ауылының атынан қатысып жатырмын. Бұл байқауға сол аудандағы мамандар қатысуды ұсынды. Әйтпесе өз басым осы уақытқа дейін ондай байқауларға қатысып та көрмеппін. Әйтеуір елдің алғысы бар, рахметі бар сол менің марапатым деп қанағат тұтып жүре беретінмін. Бұл жолғы "Заңғар" сыйлығына да қатысып жатып ой келді. "Әлібек сен өзің облыстағы проблеманы көрсетіп, ондағы мамандарға біраз қиындық тудырасың, енді сол биліктің байқауына қатысып отырсың, Сенікі жәй ма?" деген де ой келді. Бірақ мені қуантқаны қазір журналистиканың салмағы артып келеді. Әрине жүйесін тауып, тараптарды теңшеп, билікпен бұқара арасында дәнекер бола білсең тілші шеше алмайтын проблема жоқ.
Менің сынымды әкімдік дұрыс қабылдап, оның шешілуіне мұрындық болып, позициямды дұрыс қабылдай білгені қуантады. Өйткені сайып келгенде біз журналист ретінде қандай проблеманы көрсетсек те, оның шешім табуы көбінде сол атқарушы билікке байланысты. Сондықтан бұл жүлденің маған бұйыруы алдымен Алладан. Қазақта сөз бар ғой, "Жігіттің астындағы тағына талас болса да, басындағы бағына таласа алмайсың" деген.
Сондықтан бұйырып тұрған шығар. Ал қазір құзырлы орган өкілі болсын, атқарушы билік болсын бәрі ақырын-ақырын ашылып, қоғаммен жұмыс істеуді үйреніп келеді. Кешегі кабинетінен шықпай кресло ескіртетін әкімдер орнын тұрып, резеңке етік киіп алып, батпақ кешіп, ауыл аралайтын жас буын басып жатыр.
Кешегі камера көрсе сасып қалатын полиция, прокуратура қызметкерлері қазір халыққа сауатты ақпарат беруді меңгеріп жатыр. Кейде өзімде қолымнан келсе "мынаны былай айтсаңыз абзал болады. Оқып берсеңіз де ойыңызды жеткізіңіз" деп демеп қоямын. Өйткені журналистер билікке жау емеспіз, қолымыздан келгенше елге анық ақпар бергіміз келеді.
Алматы облысы әкімінің «Заңғар» жастары сыйлығының «Ең үздік жас журналист» номинация иегері Алматы телеарнасының диктор-журналисті ӘЛІБЕК ШЫНТЕМІР атанса , демек жауапкершілік тағы артты деген сөз.
Мен енді сол үздікке лайық болуым үшін жүктемені тағы арттырып, жұмысты күшейтуім керек. Тіл кеспек жоқ, реті келсе елдің ішіне сауатты, анық, шын ақпар жеткізейік. Бірақ шындық айту ол шырық бұзу емес, ел іші тыныш болса болды.
Облыстағы күрмеуі шешілмей келе жатқан мәселелердің шешу жолын тауып, жоғарыға жеткізіп жүрген жас журналист алдағы уақытта да елдің ішінде өткір түйткілдерді қаузайды деп сенеміз.