Басты жаңалықтар
Түркістан облысында анасы екі баласын өлтірген оқиға бойынша полиция тың деректермен бөлісті
- автор kyn.kz
- 13 ақпан, 2024
- 8.5k
Полиция Түркістан облысында балалары өлтірілген әйел тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болған ба деген сұраққа жауап берді.
Полиция мәліметінше, қылмыстық іс ІІМ бақылауында, деп хабарлайды KYN.KZ.
"Иә, бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалды, ол ІІМ-нің ерекше бақылауында. Өздеріңіз білетіндей, тергеу барысы туралы ақпаратты жариялауға болмайды. Отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері болды ма, жоқ па, соған байланысты анықталады.
Айта кетейін, бұл отбасы бойынша олар Қызылорда облысында және кейінірек Түркістан облысында өмір сүрген кезде отбасы мүшелерінен де, көршілерінен де өтініштер түспеген.
Бірақ әйелдер өтініш бермеуі мүмкін, сондықтан мұның бәрі тергеу барысында анықталады", - деді ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақмарал Серікбаева ОКҚ брифингінде.
Келесі мақала
Қызылордада жасөспірім жұмбақ жағдайда өлі табылды
Ұқсас жаңалықтар
Басты жаңалықтар
Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақ елі барда қазақ тілі тұғырдан түспейді
- авторkyn.kz
- 10 қараша, 2026
Басты жаңалықтар
Тоқаев: Бір тілді басқа тілге қарсы қоюға болмайды. Бұл – үлкен күнә
- авторkyn.kz
- 10 қараша, 2026




