Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Павлодарда ерекше баланы ұрып-соққан тәрбиеші жауапқа тартылды (видеода)

Павлодарда ерекше баланы ұрып-соққан тәрбиеші жауапқа тартылды (видеода)
ашық дереккөзі
Жекеменшік бейімдеу балалар орталығының мұғалімі балаға зорлық көрсетті деп айыпталды.

Оқиға бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Ата-ана әлеуметтік желі арқылы тиісті тексеруді талап еткен, деп хабарлайды KYN.KZ.

Оқиға бойынша Павлодар облысының полиция департаменті түсінік берді. 

Балаларды түзету орталықтарының бірінде қызметкер балаға қатыгездік көрсеткен сәті түсірілген видео әлеуметтік желіде таралып кетті. Автордың айтуынша, қатыгездік танытқан тәрбиеші жұмыстан шығарылды. 

Павлодар облысының бала құқықтары жөніндегі уәкілі Наталья Покидованың сөзінше, мекеменің тәрбиешісіне қатысты ҚР ҚК-нің 140-бап (Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамау) бойынша іс қозғалды. Қорытындысы бойынша тиісті шаралар қабылданатын болады.

Тергеу Павлодар облысы полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауына алынды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

 

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар