Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Кореяда заңды түрде қалай жұмыс істеуге болады: Еңбек министрі жауап берді

Кореяда заңды түрде қалай жұмыс істеуге болады: Еңбек министрі жауап берді
gov.kz
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Кореяда заңды жұмысқа бару үшін не істеу керегін айтып берді.

Қазақстан басқа елдерде жұмыс істейтін отандастардың еңбек және әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз ету бойынша 8 үкіметаралық келісім бекітеді, деп хабарлайды KYN.KZ алқа отырысына сілтеме жасап. 

Бүгінде Оңтүстік Кореяда 22 мың қазақстандық жүр, оның 6 мыңында виза мерзімі өтіп кеткен. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Кореяда заңды жұмысқа бару үшін не істеу керегін айтып берді.

"Оңтүстік Корея бойынша мемлекеттік органдармен келісімшарт келісілді, мақұлданды және Сыртқы істер министрлігі арқылы Корея тарапына жіберілді. Қазір Корея тарапы бұл келісімді қарастырып жатыр. Енді біз Алматы қаласында әл-Фараби университетінің негізгі сертификациялау орталығында Кореяға шығатын азаматтардың білім сапасын тексеру мен аудит жасау орнын әзірледік", - деді С.Жақыпова министрліктің алқа отырысында.

Қонаев қаласында өндірістік базалар дайындалды, онда Кореяға барғысы келетін қазақстандықтар 2-4 айға дейін тілдік және мамандығына қарай өндірістік дайындықтан өте алады.

"Дайындықтан өткен адам корей тілі мен біліктілігі бойынша тест тапсырады. Оны Кореядан арнайы келген аудитор қадағалайды. Барлық сынақ кезеңінен өткен адам Кореяға барып, заңды түрде еңбек ете алады", - деп түсіндірді Еңбек министрі.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар