Желіде пара алды деген күдікпен Сәтбаев қаласының әкімі Шапағат Әубәкір ұсталғаны туралы ақпарат шыққан еді. Бұл ақпаратты Антикор растады, деп хабарлайды.ведомствоның Telegram-арнасына сілтеме жасаған KYN.KZ
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Сәтбаев қаласының әкімі ҚР ҚК 366-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу шеңберінде ұсталғанын растайды.
ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды", - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желілерде Сәтбаев қаласы әкімі ұсталғаны хабарланған еді. Қылмыстық кодекстің 366-бабының 2-бөлігі - "Айтарлықтай мөлшерде пара алу". Бұл қылмыстың жазасы - мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның елу еселенгеннен алпыс еселенгенге дейінгі сомасы мөлшерінде айыппұл салу не үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру.