Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алматылық ару бұрынғы жігіті соққыға жыққанын айтты: жігіт әкімдіктің қызметкері болып шықты

Алматылық ару бұрынғы жігіті соққыға жыққанын айтты: жігіт әкімдіктің қызметкері болып шықты
pixabay.com
Алматы тұрғыны бұрынғы жігіті қаланың мейрамханаларының бірінде соққыға жыққанын хабарлады.

Ер адам ұсталды. Күдікті қалалық әкімдіктің қызметкері болып шықты, деп хабарлайды KYN.KZ.

Оқиға туралы ақпарат ZTB Qazaqstan Telegram-арнасында жарияланды. Жәбірленушінің айтуынша, 18 ақпанға қараған түні бұрынғы жігіті оған және құрбыларына шабуыл жасаған. Бұл оқиға мегаполистегі мейрамханалардың бірінде болыпты.

Қыздың айтуынша, шабуылдаушы Алматы әкімдігінде жұмыс істеген. Ол сондай-ақ жігіттің алғаш рет агрессия көрсетуі емес екенін айтты. Қала әкімдігінің баспасөз қызметі аталған тұлғаның 2022 жылдың қарашасынан бастап бүгінге дейін Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының бас маманы болғанын растады. "Осы оқиғадан кейін Д. биылғы 19 ақпаннан бастап өз еркімен жұмыстан босату туралы өтініш берді. Өтінішті кадр қызметі қабылдады және "Мемлекеттік қызмет туралы" ҚР Заңының 61-бабы 1-тармағының 1-тармақшасына сәйкес Д. атқаратын қызметінен босатылды", - делінген хабарламада. Әкімдік қазір жанжалдың мән-жайын құқық қорғау органдары тексеріп жатқанын атап өтті.

Бұл туралы Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. "Медеу ауданының полиция басқармасы дене жарақатын салу фактісі бойынша сот-медициналық сараптама тағайындады. Ер адам ұсталды. Оның іс-әрекеттеріне құқықтық баға беріледі. Шешім қабылдау үшін іс жүргізу материалдары сотқа жіберіледі", - деді тәртіп сақшылары. 

 

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар