"Баланың қайда екені белгісіз": Қарағандыда бала саудасы дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды
- автор kyn.kz
- 21 ақпан, 2024
- 2.0k
Қарағанды облыстық прокуратура кәмелетке толмаған баланы саудалау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл туралы KYN.KZ құзырлы органнның ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Мектеп жасындағы бала "Отбасының цифрлық картасында" мектепке бармайтын ретінде тіркелгені анықталды.
"Тексеріс көрсеткендей, құжаттар бойынша бала 2011 жылы Қарағанды қаласының облыстық перинаталдық орталығында жаңа туған нәресте кезінде қалдырылып, кейін Осакаров ауданындағы "Пионерский" балалар үйіне тапсырылған.
Прокуратура бұл ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін, баланың іс жүзінде жоғалып кеткенін және оның қайда екені белгісіз екенін анықтады", - делінген хабарламада.
Осакаров ауданы прокурорының нұсқауы бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 135-бабы - кәмелетке толмағандарды саудалау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Ұқсас жаңалықтар
Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақ елі барда қазақ тілі тұғырдан түспейді
- авторkyn.kz
- 10 қараша, 2026
Тоқаев: Бір тілді басқа тілге қарсы қоюға болмайды. Бұл – үлкен күнә
- авторkyn.kz
- 10 қараша, 2026




