Қазақстан қызылшаның таралуы бойынша әлемде бірінші орынға шықты
- автор kyn.kz
- 22 ақпан, 2024
- 576
Қазақстан қызылшаның таралуы жағынан әлем бойынша бірінші орынға шықты. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап.
Қызылшаны вакцинамен тоқтатуға болады. Бірақ бүгінде Қазақстанда вакцинамен басқарылатын инфекциялық ауруларды эпидемиологиялық бақылау жағынан жүйелі кемшіліктер бар.
Оны денсаулық министрі де мойындап отыр. Осы орайда Әлназарова инфекциялық ауруларды болжамдау және бақылау жүйесін күшейту үшін бірқатар шараларды атқару қажет деп санайды.
“Нақты уақыт форматында температуралық режимді бақылау мүмкіндігімен профилактикалық егулер мен вакциналар қозғалысын есепке алуды цифрландыруды қамтамасыз ету, денсаулық сақтаудың барлық деңгейлерінде медицина қызметкерлерін оқытуды жолға қою, мүдделі органдармен және ведомстволармен бірлесіп басқарылатын инфекциялардың профилактикасында вакцинациялаудың маңыздылығы туралы халықты кеңінен хабардар етуді қамтамасыз ету қажет деп санаймын”, - деді Әлназарова министрліктің кеңейтілген алқа мәжілісінде.
Айта кетері, бұған дейін Астананың бас санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова ересектер арасында қызылшаның өршіп тұрғанын мәлімдеді.
Ұқсас жаңалықтар
Ұйқының қанбауынан туындайтын проблемалар, ұйқыны жақсартудың жолдары
- авторkyn.kz
- 6 желтоқсан, 2024
Қатты жөтелден үй жағдайында құтылудың ең тиімді жолдарын біліңіз
- авторkyn.kz
- 6 желтоқсан, 2024