Нұрбанк күннің суығында қала тазалықшыларына ыстық шай мен кофе, тәттілерді тегін таратты
- автор kyn.kz
- 22 ақпан, 2024
- 606
Қыста коммуналдық қызметтердің жүктемесі еселеп артады. Аяз бен ауа райының қолайсыздығына қарамастан мыңдаған жұмыскер күн сайын таңертеңнен кезекшілікке шығып, түнде жауған қар және қатқан мұзды тазартады. Барлығы біздің қалада қауіпсіз әрі жайлы жүруіміз үшін барын салады.
Ақпан айының соңғы апталарында Қазақстанның көптеген қалалары төтенше ауа райы жағдайларына тап болды: аяз, боран және қар жауды. Бұл коммуналдық қызметкерлер үшін ауыр сынақ. Олардың қиын жұмысының маңыздылығын түсінген Нұрбанк алтыншы жыл қатарынан «Жылулық сыйлаймыз» акциясын өткізіп келеді. Суық ауа райының басталуымен Қазақстан қалаларының көшелерінде Нұрбанк логотипі қойылған арнайы кофе таситын көліктер жүріп, банк жұмыскерлері коммуналдық қызметшілерге ыстық сусындар мен нан өнімдерін тегін таратады. Аязды күндері шай, кофе және хош иісті кондитерлік өнімдер олардың аздап демалуына, бойларын сергітуге және жылынуға көмектеседі. Биыл Қазақстанның 11 ірі қаласында уақтылы және маңызды «Жылулық сыйлаймыз» акциясы өтуде.
«Біздің кең ауқымды әлеуметтік бастамаларымыздың ішінде «Жылулық сыйлаймыз» акциясы ерекше орын алады. Біз қалаларымыздың көшелерін күннен-күнге көркейтіп, тазалық мекеніне айналдырып жүрген әрбір жанның еңбегін ерекше құрметтейміз және бағалаймыз және «Жылулық сыйлаймыз» жобасы арқылы қолдау көрсетуге тырысамыз. 30 жылдан астам уақыт бойы Нұрбанк қаржылық қызмет көрсетіп қана қоймай, қайырымдылық және әлеуметтік бастамаларға белсене атсалысты. Нұрбанк нарыққа шыққалы бері мыңнан астам қайырымдылық бағдарламалары мен республикалық және қалалық ауқымдағы ірі жобаларды жүзеге асырды», - деп атап өтті «Нұрбанк» АҚ Басқарма Төрайымы Гүлнәр Мұсатаева.
Коммуналдық қызмет жұмыскерлері жүйелілікті бағалайды және осы салада ұзақ уақыт бойы жұмыс істеуге дайын. Коммуналдық қызмет өкілдері атап өткендей, олардың жұмысында белгілі бір қиындықтарға қарамастан, көптеген артықшылықтар бар. Ең бастысы - тұрақты және ресми табыс, тату және достығы жарасқан ұжым
Көптеген коммуналдық қызметкерлер өз оқиғаларымен бөлісуге дайын. Фарида Әбдіхалықова таңертең ерте жұмысқа дайындала бастайды. Ол Алматының шетінде тұрады және бірнеше жылдан бері өз командасының құрамында таңғы сегізден бастап кідіріссіз бөлінген учаскеде еңбек етіп келеді.
«Осы салада бес жылдан бері жұмыс істеп келемін. Бастапқыда бұл ерекше және қиын болды. Әсіресе қыста. Сіздердің назарларыңызды коммуналдық қызметтердің қаланың барлық тұрғындарына көмектесетініне аударғым келеді - біз үнемі алдыңғы қатарда жүреміз, турасын айтқанда, табиғаттың дүлей күштерімен бетпе-бет қалатын кездеріміз жиі кездеседі! Суық мезгілде Нұрбанктің кофе таситын көліктері бізге жақсы қолдау көрсетеді. Жұмыс істеген жылдар ішінде Нұрбанктің жұмыскерлеріне үйренісіп кеткеніміз сонша, бұл көліктерді алыстан көргенде әріптестеріммен бірден бас қосуға тырысамыз. Жарқыраған кофе көлігі біз үшін аздап демалатын уақыттың белгісі», - дейді Фарида Әбдіхалықова.
Сәлима Жұмамұратова есімді этникалық қазақ тарихи отанына Қарақалпақстаннан 25 жылдай бұрын көшіп келген. Коммуналдық қызметке келгенге дейін тамақ өнеркәсібінде жұмыс істеген. Жұмыс маусымдық болғандықтан, Алматыда тұрақты және ресми жалақысы бар көше тазалаушыларды жұмысқа алатынын білген ол қызмет саласын өзгертуге шешім қабылдады. Жеті жыл ішінде ол қарапайым көше сыпырушыдан коммуналдық қызмет шеберіне дейін өсті. Қазір де осы салада қызмет ететін жұбайымен бірге күн сайын таңертең қол астындағы командасын шағын автобуспен қала сыртынан Алматыға алып келіп, күні бойы оның жұмысын үйлестірумен айналысады.
«Бір аптада бірнеше рет қар жауып тұратын қысқы күндері жұмыс істеу физикалық тұрғыдан қиын. Ал көлікті дұрыс қоймайтын, қаланы көркейтуге кедергі келтіретін жүргізушілер тарапынан түсініспеушілік жиі кездеседі. Дегенмен, мұны жұмыстың ерекшелігі деп қабылдаймыз. Мен өз жұмысымды жақсы көремін және мүмкіндігінше осында еңбек етуді жалғастыра беруді жоспарлап отырмын. Бізге көрсеткен ілтипаты мен қамқорлығы үшін Нұрбанкке мың алғыс», — деді Сәлима Жұмамұратова.
«Жылулық сыйлаймыз» акциясы ақпан айының соңына дейін жалғасады. Алты жыл ішінде бұл шара қамқорлықтың нышаны ғана емес, сонымен қатар қоғам атынан қалаларымыздың нағыз қаһармандарына қиын да елеулі еңбектері үшін алғыс білдірудің тамаша үлгісіне айналып үлгерді.
Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2020 жылдың 03-ақпанында берген «Нұрбанк» АҚ-тың лицензиясының №1.2.15/193.
Ұқсас жаңалықтар
Маңғыстау облысында ер адам әкімдік ғимаратының алдында өзін өртеді
- авторТомирис Тоныкөк
- 5 желтоқсан, 2024