Қоғам
Жаңа туған сәби мен анасын перзентханадан лимузинмен шығарып алғандар қар құрсауынан жолда қалып қойған
- автор kyn.kz
- 22 ақпан, 2024
- 1.9k

Лимузин жүргізушісі жаңа туған нәрестені анасымен бірге перзентханадан алып келе жатқанын, бірақ қарға кептеліп қалғанын айтқан.
Павлодар облысында тұрғындар қар құрсауында жаңа туған нәрестемен қалып қойған, - деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі өңірдің Полиция департаментіне сілтеме жасап.
Қызмет көрсетілетін аумақты патрульдеу кезінде Кемеңгер ауылының учаскелік уинспекторы Қанат Әбілдинов қар құрсауында қалған лимузинді тапқан. Жүргізуші жаңа туған нәрестені анасымен бірге перзентханадан алып келе жатқанын, бірақ қарға кептеліп қалғанын түсіндіріпті.
Учаскелік инспектор көлікті қардан шығаруға көмектесіп, арқанды көлікке байлап, шығарып алып, үйіне дейін апарды. Көлік жүргізушісі мен оның жолаушылары учаскелік полиция қызметкеріне алғыс айтты.
"Сәби анасымен бірге үйіне аман-есен жетті, оларды туыстары қарсы алды", - деді полиция қызметкері.
Келесі мақала
Ерке Есмахан мәһрге не сұрағанын айтты
Ұқсас жаңалықтар
Қоғам
Маңғыстау облысында екі әкім есірткіге қатысы бар деген күдікпен ұсталды
- авторТомирис Тоныкөк
- 18 қыркүйек, 2025
Қоғам
Алматыда жылу беру маусымы қашан берілетіні қашан басталатыны белгілі болды
- авторТомирис Тоныкөк
- 18 қыркүйек, 2025