Көкшетауда ХҚКО қызметкері шетелден әкелінген көліктерді заңсыз тіркеген
- автор kyn.kz
- 23 ақпан, 2024
- 1.8k
Көкшетаудағы Халыққа қызмет көрсету орталығының бұрынғы қызметкері шетелден әкелінген көліктерді заңсыз тіркеген деген күдікке ілінді, деп хабарлайды KYN.KZ ҚМА-ға сілтеме жасап.
Қаржы мониторингі агенттігінің Ақмола облыстық департаментінің хабарлауынша, қазіргі кезде іс тергеліп жатыр.
«Азаматтарға арналған үкіметтің» Көкшетау қалалық ХҚКО-ның бұрынғы маманымен алдын ала сөз байласып, екі азаматтың жалған төлем құжаттарын қолданып, алымдарды төлемей шетелден келген көліктерді жаппай бастапқы тіркеуді ұйымдастырған», - делінген ҚМА хабарламасында.
Жалған төлем-есеп айырысу құжаттары арқылы 68 көліктің заңсыз тіркелгені анықталды.
«Бастапқы тіркеу үшін алым төлемеу түріндегі мемлекетке келтірілген шығын шамамен 449 млн теңгені құрады», - делінген хабарламада.
ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат таратуға жатпайды.
Ұқсас жаңалықтар
Сібір жарасы: Атырауда орталық базардың ет павильоны жабылды
- авторТомирис Тоныкөк
- 6 желтоқсан, 2024
Келестегі анасы мен қызының өлімі: экс-мұғалімге сот үкімі шықты
- авторТомирис Тоныкөк
- 6 желтоқсан, 2024