Қоғам
Кентауда ерекше балаларға арналған колледжде мерзімі өткен азық-түлік пен дәрі-дәрмек берген
- автор kyn.kz
- 23 ақпан, 2024
- 922
Кентау қаласындағы "Арнайы кәсіптік колледжде" оқитын 80 ерекше балаға мерзімі өткен азық-түлік пен дәрі-дәрмек берілген.
Тексеру жүргізген прокурорлар бірқатар кемшілікті анықтады, деп хабарлайды KYN.KZ Астана арнасына сілтеме жасап.
Бұл- мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мамандандырылған оңалту және білім беру қызметтерін ұсыну үшін құрылған еліміздегі жалғыз мекеме. Прокурорлар оқытушылар құрамының біліктілік талаптарына сәйкес келмейтінін, сондай-ақ, мұнда санитарлық және өртке қарсы нормалардың сақталмағанын әшкереледі. Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшылығына белгілі болғанына қарамастан тиісті шаралар қабылданбаған көрінеді.
Болат ЖҰМАҒАЛИЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ПРОКУРАТУРА ҚОҒАМДЫҚ МҮДДЕЛЕРДІ ҚОРҒАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:
Колледж басшылығы ұзақ уақыт бойы заңнама талаптарын бұза отырып, студенттерге мемлекеттік қызметті тиісінше қамтамасыз етпегені анықталды. Сондай-ақ, медициналық қарсы көрсетілімдері бар талапкерлерді оқуға заңсыз қабылдаған фактілер орын алды. Тексеру нәтижесімен заң бұзушылықтарды жою және балалардың құқықтарын қорғау мақсатында облыс прокуратурасы бес прокурорлық ден қою актісін облыс әкімдігіне және құзыретті органдарға енгізілді. Қазіргі таңда лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі қаралуда.