Жексенбі, 25 ақпанда Алматыда тағы да жер асты дүмпуі сезілді. Бұл туралы оңтүстік астананың төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.
Алдын ала мәлімет бойынша, Алматыда сағат 10:16-да жер сілкінісі болған. Сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығының сейсмикалық станцияларының желісіндегі ақпарат өңделуде. Эпицентр пен сезгіштігі туралы мәлімет нақтылануда.
"Өзара іс-қимыл алгоритміне сәйкес тиісті мемлекеттік органдарға хабарланды. Полиция департаментінің жедел кезекшісіне ақпарат жеткізілді. Қаланың ғимараттары мен құрылыстарын қирау мен бүліну мәніне көзбен шолып қарау туралы ақпарат жинау үшін, қираудың болуына, тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің жұмыс істеуіне мониторинг жүргізілуде", - деп хабарланды ведомствада.