Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Біздің бала шығармай қойған": Жүсіп Ақшора келінінің блогерлікті қалай бастағанын айтты

"Біздің бала шығармай қойған": Жүсіп Ақшора келінінің блогерлікті қалай бастағанын айтты
инста парақшасынан
Актер Жүсіп Ақшораның сөзінше, Динара Сайлаубайқызының келін болып түскеніне он жыл болған, оның өнеріне басында баласы қарсы болған екен.

Қазақстандық танымал әзілкеш Жүсіп Ақшора мен келінінің түсірлген орынды әзілдері әлеуметтік желіде көпшіліктің көңілінен шығуда. Динара Сайлаубайқызы ата-енесінің рұқсатымен блогерлікті бастағанын "1001 түн" бағдарламасында айтып берді, деп жазады KYN.KZ

"Келін "Блогерлікті бастайын. Танымал болмасам да, байқап көрейін" дегесін бірден келістім. Келінім өзі актриса, әнші, әртіс. Өнері көп. Біздің бала шығармай қойған. Келінді тыңдаймыз. Келін біздің - болашағымыз ғой. Келін болып түскеніне он жыл болды", - деді Жүсіп Ақшора.

Ал актердің келіні Динара қайын атасының өмірде қандай адам екенін айтты.

"Күйеуім басында қарсы болды. Бірақ қазір рұқсатын берді. 2-3 жыл жылдан бері блог жүргізсем деп ойладым. Өнер саласына кішкентайымнан қызығатынмын. Өнер саласын бітіргенмін. Ән айтуға, қыз ұзатуға рұқсат берді. Бірақ оны енді қолға алдым. Сол кезде әлеуметтік желіні де қатар алып кеттім. Атам өмірде де, үйде де өте мейірімді. Келіні болайын, қызы болсын бәріне мейіріммен қарайды. Атам 5-те оянып алады. Өз тамағын өзі дайындап, іше береді. Ұйықтап қалсақ, немерелеріне таңғы ас дайындап береді", - деді Динара Сайлаубайқызы. 

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар