Басты жаңалықтар
Ақтөбеде қансырап жатқан қызға сенбеген ТЖД қызметкеріне сот үкімі шықты
- автор kyn.kz
- 28 ақпан, 2024
- 727
Сот ТЖД қызметерін бас бостандығын алты айға шектеуді, қызға 1 миллион теңге өтемақы төлеу жазасын тағайындады.
Ақтөбеде көмекке шақырған жаралы қыздың өтінішін елемеген ТЖД диспетчеріне қатысты сот өтіп жатыр, - деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Төтенше жағдай қызметінің қызметкері қансыраған қызға үшінші рет хабарласқанда ғана сеніп, оқиға орнына жедел жәрдем шақырғаны үшін айыпталып отыр. Айыптаушы тарап бас бостандығын алты айға шектеуді, сондай-ақ тірі қалған қызға 5 миллион теңге төлеуді сұрайды.
"Баланың ойыны деп ойладым, менімен ойнап отыр деп. Сосын: "Бала, ойнама!" дедім, ол: "Мен ұл емеспін, мен қызбын" деді. Сот мырза, мені ақтауыңызды сұраймын, болашақта өртсөндіруші боламын деген арманымды бұзбаңыз", - деді сотталушы өз ұстанымын айтқанда.
Келесі мақала