Басты жаңалықтар
Атырауда мұнай өңдеу зауытының басшылығы тергеуге алынды
- автор kyn.kz
- 28 ақпан, 2024
- 1.3k
Атырау мұнай өңдеу зауытының басшылығына қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Агенттіктің облыстық департаменті прокуратураның үйлестіруімен мемлекетке аса ірі көлемде залал келтіру түріндегі ауыр зардаптарға әкеп соққан лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Зауыттың басшылығына айып тағылып отыр.
Айта кетері, бұған дейін зауыттың бас инженері әлеуметтік желіде видео жариялап, жаңадан тағайындалған бас директордың әрекетіне арызданды. Қаржыны жымқыру фактілері болуы мүмкін екенін мәлімдеді.
Бас дирекктор Ғалымжан Жусанбаев видео жазып, бірнеше қызметкерге қатысты қылмыстық істің қозғалғанын айтқан. Осы оқиғадан кейін "ҚазМұнайГаз" компаниясы арнайы комиссияны жіберді. Тексерістің нәтижесінде екеуін де жұмыстан шығарып жіберді.