Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Ойланбастан көмектескен": Алматыда такси жүргізушілерін алдап жүрген ер адам ұсталды

"Ойланбастан көмектескен": Алматыда такси жүргізушілерін алдап жүрген ер адам ұсталды
polisia.kz
Алматыда 27 жастағы ер адам такси жүргізушілерін алдаған деген күдікке ілінді.

Алматыда 27 жастағы ер адам такси жүргізушілерін алдаған деген күдікке ілінді. Ол бірнеше такси жүргізушісінің сеніміне кіріп, қайтарып беремін деп ақша алған, деп хабарлайды Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KYN.KZ.

Алматыда төрт такси жүргізушісін алдаған деген күдікпен 27 жастағы ер адам ұсталды. Polisia.kz ақпараттық медиа-порталының мәліметінше, келтірілген шығын көлемі 10-15 мың теңге.

"Ер адамның такси шақырғаны анықталды. Ол жолда жүргізушінің сеніміне кіріп, біраз уақытқа қарыз алып, жұмысқа кірген соң қайтарып беруге уәде еткен.

Кейбір такси жүргізушілері белгісіз біреуге еш ойланбастан көмектескен. Бізге төрт адам хабарласты. Күдікті қамауға алынды", - деді Медеу ауданы әкімдігінің полиция бөлімінің басшысы Әбдінұр Тасыбаев.

Айта кетейік, ер адам бірнеше ұрлық жасағаны үшін сотталғаны белгілі болды.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар