Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Самат Әбіш Қазақстаннан кетпегенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісіне сілтеме жасай отырып KYN.KZ тілшісі.
Бас прокуратура Самат Әбішке қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтап, істі сотқа жіберген болатын.
Әсет Шындалиев ол ешқайда кетпегенін атап өтті.
"Істің сотта қаралып жатқанын білемін. Ол – Қазақстанда. Ешқайда кетпеу жөніндегі қолхат алынған. Қалғанын айта алмаймын. Іс сотта қаралып жатқандықтан оның мәртебесі сотталушы шығар", - деді Бас прокурордың орынбасары Мәжілістің жалпы отырысынан соң.
Ол іс жабық өтіп жатқанын, істе мемлекеттік құпия барын атап өтті.
Айта кетейік, бұған дейін Самат Әбіштің үстінен Қылмыстық кодексі 362-бабы 4-бөлігі бойынша ("Билікті немесе лауазымды өкілеттіктерді асыра пайдалану") қылмыстық іс қозғалған болатын.
Еске салайық, Самат Әбіш 2022 жылғы қаңтарға дейін ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарған.
Ұқсас жаңалықтар
Таулы курорттарды дамытудағы халықаралық тәжірибе: Алматы үшін мүмкіндіктер
- авторkyn.kz
- 26 қыркүйек, 2026
Еліміздің 10 өңірінде шекарадағы қылмыстық топтың 29 мүшесі ұсталды
- авторkyn.kz
- 26 қыркүйек, 2026




