Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Шымкентте моншаның жанында атыс болды: жараланған адам ауруханада жатыр

Шымкентте моншаның жанында атыс болды: жараланған адам ауруханада жатыр
ашық дереккөзі
Атыс салдарынан бір адам ауруханаға жеткізілген.

Куәгерлердің сөзінше, екеу ара қақтығыс кезінде жас жігіт қарсыласын атып жіберген. Жәбірленуші ауруханаға жеткізілген,  деп хабарлайды otyrar.kz басылымына сілтеме жасаған KYN.KZ.

Оқиға орнына полиция мен жедел жәрдем қызметі келді.

Атыс 27 ақпанда сағат 22:00 шамасында Жібек жолы көшесіндегі "Люкс" моншасының жанында болды.

Атыс орнынан оқ-гильзалар табылды.

Болжам бойынша травматикалық тапаншадан атылған.

Полиция күдіктіні анықтады.

"Бұл факті бойынша Әл-Фараби аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Сараптама тағайындалды. Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. ҚР ҚІЖК-нің 201-бабы шеңберіндегі өзге де ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді", - деп хабарлады полиция.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар