"Құдай мен күйеуім куә": Ерке Есмахан пластикалық ота жасатты дегендерге жауап берді
- автор kyn.kz
- 29 ақпан, 2024
- 1.1k
Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Ерке Есмахан пластикалық ота жайлы тақырыпты қозғап, көптің көкейінде жүрген сұраққа жауап берді. Өнер иесі сұлулық үшін мұндай қадамға бамағанын айтты, деп жазады KYN.KZ.
"Эстрада жұлдызы пластикалық ота жасатпағанын ашық айтты. "Ерке бетіне пластика жасатқан деп жазып, өз ішіндегі комплекстерді жұбататын әйелдер, қыздар өте көп. Көңіл-күйлеріңізді түсірейін бетіме ештеңе жасатпағанмын. Қудай куә, күйеуім куә. Кішкентай қыз болдым, бойжеттім, есейіп ару болып әдемілендім. Ана болып әрлендім. Өзіме қатты күтім жасаймын. Табиғатты пластикаға жатқызу қате. Жалпы қазір блогер, әншілер бетін, мұрнын жасатып, қай жерін алып, қай жерін салып жатқанын ашық көрсетеді ғой. Қазіргі замандағы трендтерге неге таңғаласыздар", - деп жазды әнші Instagram парақшасында.