Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Өлді деп ойлап, жерлеген": 16 жыл ұйқыда болған қазақ қызының тылсым тағдыры туралы не білеміз

"Өлді деп ойлап, жерлеген": 16 жыл ұйқыда болған қазақ қызының тылсым тағдыры туралы не білеміз
ашық дереккөзі
Төрт жасында ұйқыға кеткен бүлдіршін, араға 16 жыл салып бойжеткен кейпінде оянады.

Түркістанда туған Нәзира Рүстемова да қатардағы көп баланың бірі еді. Алайда оның тағдыр жолы көптен ерек бір соқпақпен жүргізді, деп жазады KYN.KZ  Bugin.kz-ке сілтеме жасап. 

Төрт жасында ұйқыға кеткен бүлдіршін, араға 16 жыл салып бойжеткен кейпінде оянады. Тылсымға толы жағдаят ғылыми тілде летаргиялық ұйқы деп аталады.

Алғашында Нәзираны "өлді" деп ойлап, жер қойнына тапсырады. Атасы мен әкесі сол күні бірдей түс көреді. Баланың тірі екендігін аян еткен түстен соң, Нәзира қабірден қазып алынады. Баланың жүрегі минутына 1-2 рет соғып тұрғаны анықталады.

Араға 16 жыл салып Нәзира ұйқысынан оянады. Оянғаны адам сенгісіз. 

Нәзира оянар кезде түсінде телефон шырылдай береді және телефон тұтқасын көтеретін адам болмағандықтан Нәзира тұрып барып алады. Сонда ол бөлмеде отырған 2 медбике есінен танып қалады. Сөйтсе, Нәзира бір бөлмеден екінші бөлмеге есіктен емес қабырға арқылы еш кедергісіз өтіп кеткен.

Бастапқыда ол жерден сәл көтеріліп қалқып тұра алады. Әрі бірнеше тілде еш қиындықсыз сөйлейді. Ұйқыда болған уақытында бойы небәрі 28 сантиметр ғана өскені анықталады. Алайда оянған кезінен бастап, бойы тез арада өсіп кетеді. 

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар