Оралдық дәрігер ұшақ бортында жүрегі тоқтап қалған сәбиді аман алып қалды
- автор kyn.kz
- 1 наурыз, 2024
- 993
Биыл 11 ақпанда оралдық дәрігер ұшақ бортында жүрегі тоқтап қалған сәбиді аман алып қалды. Сәбидің анасы "1001 түн" бағдарламасына берген сұхбатында оқиға туралы айтты, - деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.
Алматы-Орал бағытында ұшып келе жатқан ұшақ бортында диспансер есебінде тұрған 1 жасар сәбидің жүрегі тоқтап қалған. Ұшақ бортында болған дәрігер Гүлсім Жұмағалиева баланың өмірін сақтап қалған. Баланың анасы Айнаш Жалмұқанова дәрігерге алғысын білдірді.
"Қазір баламның жағдайы жақсы. Баламның жүрегі тоқтап қалғанда не істерімді білмей қалдым. Дәрігер жедел массаж істеп, укол салғаннан кейін балам 15 минутта өз-өзіне келіп, тыныс алып бастады. Бұл кісіге алғысым шексіз. Бізде мұндай білікті мамандар барына қуанамын. Балам 7 айлық болып дүниеге келді. Сол кезде 2 ай бойы Гүлсім Жұмағалиева емдеген еді. Ұшақ бортында кездесіп, баламның өміріне араша болды. Дәрігерді ұшақта байқаған жоқпын, балам өзіне келе бастағанда ғана мән беріп қарадым", - дейді ана.
Ұқсас жаңалықтар
Қазақстандықтар енді дәрігердің қатесі үшін төлем ала алады
- авторТомирис Тоныкөк
- 4 қараша, 2024
Алматыда қолдан жасалған шарап ішкен ер адам уланып қалды
- авторТомирис Тоныкөк
- 31 қазан, 2024