Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Некесіз туған баласы жайлы шудан кейін Бейбіт Қорғанды әйелі тастап кеткені рас па

Некесіз туған баласы жайлы шудан кейін Бейбіт Қорғанды әйелі тастап кеткені рас па
коллаж kyn.kz
Дер кезінде қорғана алмаған Бейбіт өзі жайлы ақиқатты ашқан журналистер мен некесіз туған ұлының анасын сотқа бермекші болған.

Кезінде әндері де өзі де хит болған Бейбіт Қорғанның некесіз туған ұлы жайлы ақпарат жер дүниені шарлап, әншінің абыройына, оған деген қоғамның көзқарасын өзгертуге қатты әсер еткені рас. "Астарлы ақиқат" бағдарламасы атыраулық келіншектің 5 жасар ұлына көмек көрсету мақсатында әншінің ізін аңдып, заңгер жалдап Бейбіт Қорғанды ДНҚ тапсыруға мәжбүрледі, деп жазды KYN.KZ  тілшісі.

Бағдарлама мәселені зерттеген тұста әншілер тарапы бұл мәселеде әйелді кінәлады. Мысалы әнші Серікбол Сайлаубек "Әйел кісі енді өз әрекетіне ойланып бармайды ма? Оны енді Бейбіттің ар-намысына тиместен, отбасына нұқсан келтірмей шешуге болады ғой. Бағдарлама мақсаты 5 жасар балаға көмектесу болса сбор ашып, еміне ақша жинайық. Бұлай бұны шулатып, Бейбіттің қазіргі отбасының шырқын бұзбай".

Әнші Жеңіс Ысқақова болса баланы асырай алмайтын болса әйел адам оны дүниеге әкелмеуі керек еді дегенді айтты.

"Бұл жерде Бейбіт оны зорлап кеткен жоқ қой. Әйел қонақ үйге әншімен барды. Көтерді. Қаламаса алдырып тастауға болатын еді. Неге енді оны жарияға жар салып, өткенге қайырылып, елдің алдына шығып отыр. Әйел қалады, сосын туды. Бұл жерде жауапкершілікті әйел өз мойнына алып, шешім қабылдағанына қарай болып отыр",-дейді әнші Жеңіс Ысқақова.

Бірақ заңгерлер онымен келіспеді. Бейбіт Қорғанның некесіз туған баласының анасы заңгер Тілеужан Кішкенебаевқа жүгінген. Ол жаңа деректермен бөлісті.

"Дұрыс түсініңіздер, қорғауымдағы азамат пен әнші кезінде байланыста болған. Бейбіт ұлына бұған дейін көмектесіп тұрған. Хабарсыз кеткен тұста әйел баланың еміне күші жетпейтінін түсініп, амалсыз осындай қадамға барды. Баланың екі бүйрегі бірдей ота жасауды талап етіп отыр. Оңай зат емес. Бейбіт өзі көрсетіп отырғандай оларды мүлде білмейді емес, біледі. бірақ, кезінде "алдыр, өмірге әкелме" деген сөздер айтпаған. Енді заң жүзінде ол жауап береді, жауапкершілік алады",-дейді адвокат тілеужан кішкенебаев.

Барша Қазақстанға жайылған ақпараттан кейін Бейбіт Қорғанның отбасы бұзылғаны белгілі болды. Бейресми деректер бойынша заңды әйелі балаларын алып, әншіні тастап кеткен. Бейбіт Қорған болса "ар-намысым, беделім тапталды, отбасымның ойраны шықты"деп атақты бағдарлама мен заңсыз ұлының анасын сотқа беруге оқталыпты. Қазірге осы мәселе бойынша ешқандай сотқа арыз түспеген.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар