Алматыда жүкті әйел көпқабатты тұрғын үйдің жоғарғы қабатынан секіріп кетті.
Әлеуметтік желіде тараған ақпаратта қайғылы жағдай бүгін, 1 наурыз күні шамамен түскі сағат 12:20 Алмалы ауданында орналасқан «Манхеттен» тұрғын үй кешенінде болған, деп хабарлайды KYN.KZ.
Алматы қалалық полиция департаменті аталған фактіні растады.
«Аталған дерек бойынша Алмалы аудандық полиция бөлімі сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Оқиғаның мән-жайы анықталады»,-деп хабарлады ведомстводан.
Келесі мақала