Түркістанда күйеуін өлтіріп, денесін бөлшектеп суға ағызған әйелге сот үкімі шықты
- автор kyn.kz
- 1 наурыз, 2024
- 1.7k
Сарыағаш ауылына қарасты Қапланбек ауылында 34 жастағы әйел күйеуін пышақтап өлтіріп, денесін өз үйінде бөлшектеп бірнеше күн бойы сақтаған. Ол Балаларының әкесінің денесін бірнеше бөшкеге бөліп, Келес өзеніне бірнеше күн қатарынан қатынап, ағызып жіберіп отырған. Ақыр соңында көршісі әйелдің әрекетінен күдіктеніп, бөшкені ашып көрген. дереу полиция шақырып, әйел өз кінәсін толық мойындаған еді.
Әйелдің анасы Тілләйым Молдабекова болса күйеу баласынан қызының көрмеген қорлығы жоқ деп отыр. Тіпті қайғылы жағдай болған күні әйелге пышақ ұстатып, марқұм "өзіңе тығып өл" деген бұйрық беріпті.
"Бұлар үйленгелі ұрыс-керіспен өмір сүрді. Қазір балалары анасын әкелері қалай қорлағанын айтады. Жалаңаш мұзға отырғызады екен. Шылым шегіп, шоқты қызымның кеудесіне басыпты. Қызым бала күнінен актриса болуды армандаған. Ол Тик Ток желісіне видео түсіруді жақсы көретін. Күйеуі оның осы әрекетіне қарсы болған. отбасын құрғалы жалғасып келе жатқан жанжал соңы осы болды. Қызым амалсыздан барғанын айтып жылады. "Мама қалай өзіме тығамын пышақты, ол мені әбден қорлады. Жеккөргенім сонша, өзі осыған жеткізді" деп жылады. Қызым көшедегі ит, мысыққа дейін қамқорлық көрсететін. Ол адам баласына қиянат жасамайтын. Ендігі басты өтінішім үш бала балалар үйін жағаламай менің қолымда қалса деймін. Өйткені бұл оқиға болмай тұрып балалардың тәрбиесімен өзім айналысқанмын",-дейді Тілләйым Молдабекова.
Сотталушының анасы күйеу баласы нағыз азаптаушы болғанын жылап айтып берді.
"Ол Азамат көлік жөндейтін. Қолына түскен темірмен сабап ұратын. Ең қиыны осының барлығын немерелерім көрген. Менің көзім көрмейді, шалымның құлағы естімейді. "Ата-анаңды қосып өлтіріп, өртеп жіберемін" деп қорқытқан. Балалары әкесін айтсақ шошиды тура. Бізді отбасымызбен "Сарттар" деп кемсітіп, төмен көрген. Мен бүгінгі үкіммен келіспеуге тағы қорқамын",-деп жылайды зағип ана.
Ал марқұмның туыстары сотталушыдан қылмысы үшін моральдық шығын ретінде 100 млн теңге талап еткен. Сонымен қоса әйелдің үш баласын балалар үйіне өткізуді сұраған.
Сот әйелге 15 жыл түрме жазасын кесті.