Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Әнші Роза Әлқожа денсаулығы сыр беріп, ем қабылдауға мәжбүр болғанын айтты (видео)

Әнші Роза Әлқожа денсаулығы сыр беріп, ем қабылдауға мәжбүр болғанын айтты (видео)
Роза Әлқожа: Жұмыс тоқтаса тоқтасын, бастысы жүрек тоқтамасын

Танымал әнші Роза Әлқожа мұзда тайғанақ аяқ киіммен жүріп, құлап аяғын жарақаттап алған. Алдағы барлық жоспары тоқтап қалғанын айтқан әнші "Сынық жазылар, бастысы жүрек тоқтамасын" деген.

Желідегі парақшасына көңілін сұрап, жағдайын білгендерге алғысын айтқан әнші  ауруханада арбада отырған суретін жүктеп, қалың тыңдарманын бір шошытып алған.

 Cөзінше, эстрада жұлдызы мұзда тайғанап құлап, аяғын жарақаттап алған. Өнер иесі денсаулығы сыр берген соң, бірқатар жоспары іске аспай қалғанын жеткізді. Ол өзіне қолдау білдіріп, гүл жіберіп жатқан жандарға алғысын айтты.

"Алдағы жоспардың барлығы тоқтады, бастысы жүрек тоқтамасын! Мұзға тайғанаған ештеңе емес, сөзден тайғанатпасын! Тобық пен жарылған табан жарылар, жан мен жүректі абайлайық! "Дұшпан аяққа қарайды" деуші ме еді, сынақ та аяқтан шалды, аяқ киімім тайғанақ екенін біле тұра киіп жүрген өзімді кіналадым.

Жасыма сай жазылар. Тілек білдіріп, гүл жіберіп жатқандарға рахмет! Қызымның туған күні, одан үлкен қызымның премьерасы, Сарыағаштағы концертім, тосын сый боп барам деген туған күн, той, Зәкеңнің кеші бұйырмапты! Енді көктемгі мерекеде қайта көктеген розадай жұпар шашуға жазсын! "Сынықтың көңілін сұрамайды" десе де жігерлендіруге жұмсаған күштеріңізді Алла еселеп қайтарсын! Алыстан, жақыннан қолдап жатқан бар жақыныма алғыс айтамын", - деп жазды Роза Әлқожа. 

Әнші  аяғындағы жарақатына байланысты   балдақпен жүруге мәжбүр екенін айтты.


 

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар