Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Маған және қызыма жала жабылды": Бишімбаевтың бірінші әйелі мәлімдеме жасады (видео)

"Маған және қызыма жала жабылды": Бишімбаевтың бірінші әйелі мәлімдеме жасады (видео)
коллаж kyn.kz
Назым Қаһарман Айтбек Амангелді жайлы негізсіз ақпарат тарап жатқанын айтты.

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың бірінші әйелі желідегі парақшасында мәлімдеме жасады. Ол  марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы  Айтбек  Амангелдіге  "бүлдіршінді қорлауға тырысты, зорлады" деген мағынада айтылған ақпаратты жоққа шығарып, таза жала екенін айтқан. 

"Толық ауыстырған (әлеуметтік желілердегі жарияланым авторы - еск.) барлық мағынасын, менің ойымша, тіпті оқымаған да. Кейбір сөздерді қолдана отырып, менің ойымша, өзінің мақсаты үшін. Енді мұны мен теріске шығаруым керек. Қызымның ар-намысы мен қадір-қасиетіне, менің, "сатқын" екеніме және т.б. әсерін тигізді. Сондықтан мен сол күн туралы, оның негізінде бір сөзді қолдана отырып, не болғанын білмей, жазба жариялаған хаттама туралы айтуды шештім. Мұның бәрін беделді түсіру үшін пайдаланған.", - деді Назым Каһарман.

Назым Қаһарман бұл жағдайдың неден шыққанын түсіндіріп берді. Оның сөзінше Бишімбаевтың ортаншы ұлы мен кіші қызы әкесінің үйіне барған. Сол түні Бишімбаев пен Нүкенова арасында жанжал болған. Екеу екі бөлек кетіп, балаларды үйде қалдырған. Сол сәтте Айтбек амангелді үйдің есігін тоқылдатқан. Бишімбаевтың кіші қызы есікті ашқан кезде Айтбек оның желкесінен ұстап, "Салтанат қайда?" деген. Ол үйге кіріп, бөлмелерді тексеріп шыққан. Артынша Қуандық Бишімбаевқа хабарласып, "Үйде боламын деп едің, қайдасың? Тез кел" деп бұйырған. Бишімбаев келген тұста Айтбек екеуі балалардың көзінше ұрысып, төбелескен. Айтбек балалардан кешірім сұрап, "Қуандық Салтанатты ұрған" деп түсіндіріпті.

Бұған дейін желіде "Нүкенованың ағасы кезінде Бишімбаевтың қызын зорламақ болған" деген ақпарат тараған еді. Бұл мәселеге қатысты Айтбек Амангелдінің адвокаты өз жауабын берген еді.

"Назым Қаһарманды бүкіл халық біледі. Ол үй шаруасындағы қарапайым әйел емес. Қуандық Бишімбаев сотталған кезде заңгерлік міндетті мойнына алып, сотта сөйлеп шыр-пыр болған сауатты әйел. егер оның кішкентай қызына айтбек Амангелді "шабуыл жасады" делік. Ол қалай үнсіз қалды екен? Ол мұндай затты ана ретінде де, заңгер ретінде де жауапсыз қалдырмайтын еді. Сондықтан бұл таза-жала!",-деген еді адвокат.

 

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар