Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Бейбіттің баласы болмай шықты": әнші Бейбіт Қорған "Астарлы ақиқат" бағдарламасын сотқа бермекші(видео)

"Бейбіттің баласы болмай шықты": әнші Бейбіт Қорған "Астарлы ақиқат" бағдарламасын сотқа бермекші(видео)
коллаж kyn.kz
Әншінің адвокаты оқиғаның шиеленісе түскенін айтып, жаңа деректермен бөлісті.

"Астарлы ақиқат" бағдарламасы көтерген мәселе "тек жала жабу" деген ақпарат таратты әнші Бейбіт Қорғанның қорғаушысы. Сөзінше ДНҚ сараптамасы әншінің әкелігін жоққа шығарған. Енді  адвокат  Бейбіт Болатұлының ар-намысына, қоғамдағы беделіне нұқсан келтірген бағдарламаның заңсыз әрекетін жіпке түзіп, сотқа жүгінеміз деп отыр.

Бұл туралы Бейбіт Қорған желідегі парақшасына жүктеп, өзінің осы күнге дейін журналистердің сұрағына жауап бермеуінің себебін де айтқан. 

"Достар, азаматша Нұргүл Зиханова үстімен Атырау облысының сотына арыз жазып, КТК телеарнасының Дина Төлепберген жүргізетін «Астарлы ақиқат» бағдарламасында мені заңсыз баланың әкесі деп айыптаған болатын. Осыған байланысты қазір ДНК-ның қорытындысы шықты. Қорғаушым Орынгул Узаккалиева заң жүзінде толық видео үндеуде айтып береді",-деп жазған Бейбіт Қорған.

 

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар