Қоғам
8 наурзға орай Астанада көпбалалы аналарға біржолғы әлеуметтік төлем беріледі
- автор kyn.kz
- 5 наурыз, 2024
- 643
Әкімдік астаналық аналарға 1-2 күнде екі жарым айлықтық есептік көрсеткіште сыйлық бермекші.
Мерекеге орай астаналық арулардың сәл де болса қалтасы қалыңдай түседі. Елорда әкімдігі 34 мыңға жуық көпбалалы аналарға біржолғы әлеуметтік төлем бермекші, деп жазды KYN.KZ тілшісі.
Әкімдікке қарасты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы Халықаралық әйелдер күні қарсаңында, әсіресе тіркеуде тұрған аз қамтылған аналарға көңіл бөліп отыр. Оларға жергілікті бюджеттен екі жарым айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 9230 теңгеден әлеуметтік көмек төленеді. Қаржы алдағы бір-екі күнде арулардың жеке шотына түседі.