Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алматыда жер сілкінісін алдын ала хабарлайтын дабыл жүйесі мамырда дайын болады

Алматыда жер сілкінісін алдын ала хабарлайтын дабыл жүйесі мамырда дайын болады
ult.kz
жылдам хабарлама жүйесін іске қосу үшін бюджеттен 475 миллион теңге бөлінген

Жер сілкінісін алдын ала хабарлайтын дабыл жүйесі мамыр айының соңына дейін дайын болады. Үкіметтің бүгінгі отырысында Алматы әкімі осындай уәде берді, деп жазды KYN.KZ тілшісі КТК жаңалықтарына сілтеме жасап. Цифрлық даму министрлігімен бірге қолға алынған жобаға 475 миллион теңге бөлінген. Жаңа жүйенің SMS-хабарламадан артықшылығы — жылдамдығында деп мақтады Ерболат Досаев.

Базалық станция аумағына кіретін барлық ұялы телефонға хабарлама дереу жеткізіледі. Соңғы жер сілкіністерінен кейін үрейленіп қалған алматылықтарға мұндай шұғыл хабарлама қазір керек-ақ. Ал кешегі зілзаладан әбден шошынған жүздеген адам үйіне бармай, қабылдау орындарында түнеп шыққан.  Алматы қаласы сейсмикалық қауіпті аймақта орналасқанын біле тұра, шенеуніктер осы уақытқа дейін «жер сілкінісі Алматыны айналып өтеді» деген үмітпен жүргендей.

Ауырмаудың жолын іздемей, енді ауырып ем іздеп жүр. Өйткені биылға дейін зілзалаға қатысты қандай да бір ауқымды шараның жүріп жатқанын көрмедік. Әйтеуір қаңтар айындағы сілкіністен кейін қимылдауға көшкен. Жедел құлақтандыру жүйесіне де сол бірінші жер сілкінісінен кейін кіріскен. Үкімет отырысында қала әкімі Ерболат Досаев жаңа жүйенің мақтауын асырды.

"Биыл мамыр айының соңына дейін 475 миллион теңге бөлінген Cell Broadcast технологиясымен пайдалана отырып, Mass Alert қоғидасы бойынша халықты жедел құлақтандыру жүйесін енгізу жоспарлануда. Дәстүрлі СМС-тің айырмашылығы, кеше тағы бір рет көрген тұғынбыз, Cell Broadcast технологиясы желіге қосымша жүктеме жасамайды. Және базалық станциялардың антенналарды қамту аймағында орналасқан барлық абонентке жедел және жаппай таратуды хабарлау уақытымен жиілігімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді",-дейді Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев.

Төтенше жағдайлар министрі де Алматы әкімі сияқты жер сілкінісіне қатысты атқарып жатқан жұмыстарын бас алмай оқыды. «Халыққа зілзала кезінде қайда барып, не істеу керегін айтып қана қоймай, көрсетіп те жүрміз» дейді Шыңғыс Әрінов.
 

"Бұл жолы көбі үрейге бой алдырмады. Жедел топ қаладағы 8 мыңға жуық ауланы аралап, білім беру объектілерінде 650-ден аса сабақ өткізді. Адамдар көп жиналатын орындарда түсіндіру жүргізіп, жадынама таратты. Кеше менің бұйрығыммен халықты оқыту және жер сілкінісі кезінде практикалық әрекеттерді пысықтау үшін Алматыға Ұзынағаштан әскери қызметшілер жіберілді. Қазір еліміз бойынша сейсмикалық жағдай тұрақты",-дейді ҚР Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов.
 

 



 

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар