Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Жорабаева әлі мейрам келмей жатып күйеуінен қандай сыйлық алғанын айтты (видео)

Жорабаева әлі мейрам келмей жатып күйеуінен қандай сыйлық алғанын айтты (видео)
Коллаж: KYN.KZ
Әнші қуанышын бөліскені үшін халықтан өзін сөкпеуді сұрады.

Эстрада әншісі Алтынай Жорабаева 8 наурыз халыаралық әйелдер мерекесі сыйлығын ерте алғанына қуанып, әлеуметтік желідегі парақшасына салды, деп жазады KYN.KZ тілшісі.

Әнші жолдасының планшет сыйлағанын айтты. Концерт пен тойға алып жүретін ескі планшетін осылайша жаңасы ауыстытырып жатыр екен.

«Планшетімді Әлішер ауыстырып жатыр. Рахмет! 8 наурызға тарту еткен сыйлығы. Енді ескісімен қоштасамын. Жыл сайын жаңасын алу дәстүрге айналған. Сөкпеңіздерші! «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» дейді ғой. Аллаға шүкір! Құлаққаппен ән тыңдамаушы едім, жарайды бірақ мұны да алдым»,  –  деді ол видеода.

Сондай-ақ кадрда жатын бөлмесінде «қошақаным, ботақаным, жүрегім» деп күйеуінің жатып ап қызын еркелетіп жатқанын көруге болады.

Әншінің соңғы постының астына жағымсыз пікір жазғандар көп. Сол себепті Жорабаева жарияланымына ешкім пікір жаза алмайтын етіп өзгертіп тастаған.

Еске салсақ, осыдан 2 ай бұрын өнер иесі екінші күйеуінен бір қыз тапқан. Бүгінде ол 5 қыз баланы тәрбиелеп отыр.

Admin
Автор

Admin

Админ

Ұқсас жаңалықтар