Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Жетеуіміз жабылып, жағдайын жасай алмай келеміз":Балғынбек Имашев жүре алмай қалған анасы жайлы айтты

"Жетеуіміз жабылып, жағдайын жасай алмай келеміз":Балғынбек Имашев жүре алмай қалған  анасы жайлы айтты
инстаграм
Ақын: Менің қолымнан келгені ән арнаймын. Оның өзіне жылап қалады.

Ақын Балғынбек Имашев 78 жастағы анасын Алматыға уақытша тұрып, ем алуға әкелгенін айтты. Ақын 7 баланы өсіріп жеткізу үшін ауыр еңбек еткен анасының бүгінде қартайыңқырап, денсаулығы жыл санап нашарлап жатқанына қынжылатынын айтты,деп жазды KYN.KZ  тілшісі.

"Анашымды Алматыға әкелдім. Соңғы кезде жүре алмай, қан қысымы көтеріліп, жағдайы қиындап кетті. Көз алдыңда "жәннатыңның қақпасы" қартайып бара жатқаны жүрекке жүк екен. "Алматыда жақсы емхана бар екен.

78-дегі кемпірді 18-дегі қыздай қылады" деп едім. Әшейінде дәрігерге барғысы келмейтін анашым балаша қуанып, "Барам" деді. Өйткені, Данияр деген тұңғыш немересі келін түсіреді.

Соған дейін арбаға таңылмай, өз аяғымен барғысы келеді ғой. Жаным, анашым! Өмір бойы 7-еумізді жеткізем деп бейнет көріп еді. Жетеуіміз жабылып, жағдайын жасай алмай келеміз. Қолымнан келгені, әр кезде анашыма өлең арнаймын. Жылап қалады. Аналарымыз аман болғай", - деді Балғынбек Имашев. 

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар