Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Әр балаға 70 мың теңге жәрдемақы беріле ме?: министрлік мәлімдеме жасады

Әр балаға 70 мың теңге жәрдемақы беріле ме?: министрлік мәлімдеме жасады
aqmeshit-zhastary.kz
"Азаматтардан тек ресми көздердегі ақпаратты пайдалануын сұраймыз".

Әр балаға 70 мың теңге жәрдемақы беріледі деген мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде таралып жатқан ақпаратқа желілерде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жауап берді, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі балаларға арналған бірыңғай жәрдемақы енгізетіні туралы таралып жатқан ақпарат шындыққа жанаспайтынын хабарлады.

Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде дауыстық хабарламалар мен бейнероликтер арқылы балалы отбасылардағы әрбір балаға 2024 жылғы шілдеден бастап 70 мың теңге мөлшерінде бірыңғай жәрдемақы енгізілетіні туралы жалған ақпарат таратылуда. Бұл ақпарат жалған.

Мемлекеттік қолдаудың тиісті шаралары туралы ресми ақпарат тек қана 1414 нөмірінен СМС-хабарламалар арқылы таратылады.

Азаматтардан тек ресми көздердегі ақпаратты пайдалануын сұраймыз. Жалған ақпарат тарату заңмен жазаланатынын естеріңізге саламыз, –  деп жазылған министрлік ақпаратында.

 

Admin
Автор

Admin

Админ

Ұқсас жаңалықтар