Алматы тұрғыны жер сілкінісінен қорғайтын құрылғы ойлап тапты
- автор Admin
- 7 наурыз, 2024
- 7.6k
Алматылық Сергей Старков «Қатты модуль» деп аталатын жер сілкінісі қауіпсіздігі жүйесін жасап шығарды, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Жиырма жылдан астам уақыт бұрын ойлап тапқан бірегей дизайн айтарлықтай жүктемелерге төтеп бере алатын жіксіз, тігіссіз болат құбырлардан тұрады. Шамамен 216 тонна жоғарғы жақтан, жеті тонна жанынан және диагональдан 42 тонна салмаққа төтеп бере алады, деп жазылған krisp_almaty instagram парақшасында.
Сергейге «Қатты модульді» жасау идеясы оның жанұясының қауіпсіздігін ешкім қамтамасыз ете алмайтынын түсінгеннен кейін ойына келген. 90-жылдары Алматыға қоныс аударған өнертапқыш Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін осында өмір сүре бастаған. Модульді әзірлеу барысында Старков қорғаныс төсектерін жасауда жапон тәжірибесін және тар дәліздерде орнатылған металл жақтауға патентті пайдаланыпты. Дегенмен, құрылғының әлі де жетілдіруге тиіс тұстары да бар екен.