Мәдениет
5 мың теңге үшін: Заңғар Нұртас көшеде ұрымен төбелесіп қалды
- автор Admin
- 8 наурыз, 2024
- 1.7k
Менен 5 мың теңге сұрайды.
Эстрада жұлдызы Қайрат Нұртастың кенже інісі, блогер Заңғар Нұртас көшеде төбелесіп қалған. Ол бұл туралы блогер REVUE NEWS бағдарламасында баяндады, деп жазады KYN.KZ тілшісі.
"Еш жерде айтпадым. Бірақ көп адам сұрап жатыр. Көшеде біреу менен ақша сұрайды. Келіспеушілік болып, төбелесіп қалдым. Сосын қолымды сындырдым. Менен 5 мың теңге сұрайды. "Жарайды" деп, мен қолма-қол ақша берем. Алдымен шотыма аударатынын айтқан. Сәлден соң "Бір айналып келші" дейді. Осыдан соң төбелес басталды. Мәселе - 5 мың теңгеде емес, жігіттік намыста. Мен үндемей кетсем, үйге барып, қалай тыныш ұйықтаймын?", - деді Заңғар Нұртас.