Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Жер сілкінуіне себеп осы": Баян Мақсатқызының шоуы сынға қалды (видео)

"Жер сілкінуіне себеп осы": Баян Мақсатқызының шоуы сынға қалды (видео)
Коллаж: KYN.KZ
"Жердің сілкіне беруіне бірден бір себеп, кінәлі осылар".

Танымал продюсер Баян Мақсатқызының QUEEN шоуындағы биі әлеуметтік желі қолданушыларының қызу талқысына түсті, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.

Шоу бизнес өкілінің видеосын İnstagram парақшасына Аида Кауменова "Құрбыма әр дайым таң қаламын. Бұл ғажап енді" бөлісіп қойған. Ал кадр астындағы пікірлер екіге жарылады. Біріне ұнаса, енді бірі ғайбаттап жатыр. "Жарайсың! Кез келгеннің қолынан келмейді. Жақсы көрем. Бағалаймын. Бұл шоу бизнестің мүлдем басқа деңгейі", "Көп әйелге үлгі. Қалай осы қалпын сақтап қалады екен. Мықты", "Жердің сілкіне беруіне бірден бір себеп, кінәлі осылар", "Қазақ әйеліне жараспайтын қылық", – деп жазды олар.

Айта кетейік,  QUEEN шоуы 5 наурыз күні өткен болатын. Кешке өнер жұлдыздары қатысқан. Солардың ішінде әнші Мөлдір Әуелбекова да бар еді. Ол шоудың өте қиын болғанын айтып, әлеуметтік желіге видео бөліскен.

 

Admin
Автор

Admin

Админ

Ұқсас жаңалықтар