Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Бибігүл Төлегенова қазақстандық әйелдерді мерекемен құттықтады

Бибігүл Төлегенова қазақстандық әйелдерді мерекемен құттықтады
Төлегеновамен сұхбат. Ашық дереккөзі
Белгілі педогог барша әйелдер қауымына ізгі тілектерін айтты

Қазақ опера әншісі, актриса, КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері, Социалистік Еңбек Ері Бибігүл Төлегенова әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады, - деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

"Қадірлі әйелдер, әдемі келіншектер, апалар-әжелер, кішкентай шөбере-балапан қыздар! Баршаңызды 8 наурыз мерекесімен құттықтай отырып, сіздерге зор денсаулық, ұзақ өмір, табыс-абырой, береке тілеймін. Өмір жастарың ұзақ болсын, аспанымыз ашық болсын! Тыныштық болсын, іштегі жау, сырттағы жаудан сақтасын. Бақытты өмір сүрейік. Қашан да болса, осындай мерекелерді қуанышты дастарханда қарсы алайық. Мереке құтты болсын! Аман-есен болыңдар! Келесі мерекелерді қарсы алуды жазсын", - деді ол.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар