"Күйеуімді бала кезде еркек зорлаған": жолдасымен 8 жыл отасқан әйел көмек сұрады
- автор Admin
- 8 наурыз, 2024
- 42.3k
"Сәлеметсіз бе" деп сөзін бастаған хат иесі күйі жайлы сырын ақтара бастаған, деп жазады KYN.KZ тілшісі.
"Мен сізге күйеуім жайында айтайын деп ем. Үйленгенімізге 8 жыл болды. Бұл оқиға бала кезде болған екен. Кім екенін білмейді. Сол кезден қалған травма ма білмеймін. Сондай қатынасты қалайды. Молдаға апарып оқыту керек пе?", - деген ол күйеуінің психологқа баруға қорқатынын айтқан. Себебі, елге өсек боламыз деп алаңдайды екен жолдасы.
"Психологқа айтуға қорқады елге жария боп кете ме деп. Менің қолымнан еш нәрсе келер емес. Оны тастап кеткім келмейді. Дұрыс жолға түсіп, адам болғанын қалаймын. Ешкімге айта да алмаймын. Әйелдердің іш киімін кигісі келеді. Қанша тырысса да ол қылықтарын қоя алмайды. Ойымды жинақтай алмай отырмын. Кешірім сұраймын.Қазір менің қолымнан не келеді? Қандай көмек көрсете аламын күйеуіме?", - деп ол түрлі ойлармен басы қатып жүргенін, көмек керек екенін айтып жазды İnstagram-дағы Ләззатқа хат парақшасына.