"Халық шуласа, атамын": Жүрсін Ерман әкім орынбасарының қалай қорқытқанын айтты (видео)
- автор Admin
- 8 наурыз, 2024
- 6.5k
Айтыс жүргізушісі Жүрсін Ерман айтыскер Жандарбек Бұлғақовтың «Айтыс STRICE» Youtube арнасына берген сұхбатында кезінде әкім орынбасарының айтқан сөзін еске алды , деп жазады KYN.KZ ақпарат порталы.
Айтуынша, жылдар бойы айтыс жүргізу ол үшін оңайға соқпаған. Биліктен кедергі мен қоқан-лоқы жасағандар да көп екен.
"Алматы қаласы әкімінің орынбасары болды, Сейдуманов деген. Ертең айтыс болайын деп жатқанда бергізбей, тоқтат деді. "Оны кім шығарды?" десем, "министр Құл-Мұхаммедке айт" деді. Астанаға ұшып бардым. Құл-Мұхаммед бір жиналыста отыр екен. Алып шығып сөйлестім. "Аша берсін, рұқсат" деді. Қайтып келсем, Сейдуманов көнбейді. "Жоқ, бірдеңені бүлдіресіңдер!" деп. Мен айттым, халық шулап кетеді деп. "Шулап кетсе, атамын" деді, - дейді Жүрсін Ерман сұхбатында.