Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Италиядағы турнирде қазақстандық боксшы жеңіске жетті

Италиядағы турнирде қазақстандық боксшы жеңіске жетті
Бокс Федерациясы
"Прева Падабадиді 5:0 есебімен ұтты".

Италияның Бусто-Арсицио қаласындағы Париж Олимпиадасының жолдамалары сарапқа салынып жатқан турнирде бүгін қазақстандық боксшы Нұрбек Оралбай екінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Атап айтсақ, 80 келідегі қазақстандық әлем чемпионы Нұрбек Оралбай 1/16 финалда Того мемлекетінің спортшысы Прева Падабадиді 5:0 есебімен ұтты.

Қара күштің иесі Прева Падабади ауыр соққыларға иек артқанымен, тәжірибелі жерлесіміз техникалық шеберлігімен айласын асырып кетті.

Енді, 1/8 финалда Нұрбек Оралбай қарсыласын алғашқы раундта құлатқан 2021 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Алексей Алфёровпен жұдырықтасады.

Бұл Нұрбектің аталған турнирдегі екінші айқасы ол алғашқы жекпе-жегінде гаитилік Кедрик Белони-Дулиепрені жеңген еді.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Наталья Богданова алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жеткен болатын.

Париж Олимпиадасының жолдамасы сарапқа салынып жатқан турнир 3 наурызда басталған болатын. Жарыс 12 наурыз күні мәресіне жетеді. Аталған турнирде ерлер арасында 28, әйелдер арасында 21 жолдама сарапқа салынуда. Қазақстан құрамасынан ерлерден 6, әйелдерден 5 боксшы жолдамаға таласып жатыр.

Кешкі сессия:

19:30

50 кг. Алуа Балқыбекова - Клавдия Тотова (Чехия)

20:30

57 кг. Махмұд Сабырхан - Саравут Суктет (Тайланд).

Admin
Автор

Admin

Админ

Ұқсас жаңалықтар