Дәрігерлер жедел көмек көрсетіп, екі әжейді мүгедек болып қалудан сақтады.
Алматыда нейрохирург дәрігерлер екі қарт әжейді сал болып қалудан құтқарды.
Қалалық денсаулық сақтау басқармасынан мәлім еткендей, екі зейнеткер Орталық қалалық клиникалық ауруханасына бірдей диагнозбен жүгінген. Яғни, жұлын каналындағы жүйке тінінің ісігі.
Науқастардың айтуынша, олар жасына және басқа да ілеспе ауруларына байланысты ота жасатуға қорқып, емшілерден ем іздеген.
Бірақ жағдайы нашарлап, дәрігерге жүгінген.
Отаның қиындығы — ісіктің жұлынның сыртында емес ішінде орналасуында болды. Жұлынның өзіне зақым келтіру қаупі жоғары еді. Құдайға шүкір, екі операция да сәтті өтті және әрқайсы шамамен 3,5 сағатқа созылды. Бұл оталарды жасау барысында біз өз қозғалысымызды бақылау және жұлынның сау бөліктерінің зақымдануын болдырмау үшін нейромониторлар мен нейронавигациялық жүйені қолдандық, - дейді ОҚКА нейрохирургия бөлімінің меңгерушісі Марат Алматов.
Отадан кейінгі кезеңде науқастар стационарда оңалтудан өтті, нәтижесінде 12 күн ішінде аяқтың неврологиялық бұзылысының регрессиясы 80%-ға дейін жетті.
Келесі мақала
"Әлем аруы" байқауының жеңімпазы анықталды
Ұқсас жаңалықтар
Денсаулық
Қазақстандықтар енді дәрігердің қатесі үшін төлем ала алады
- авторТомирис Тоныкөк
- 4 қараша, 2024
Денсаулық
Алматыда қолдан жасалған шарап ішкен ер адам уланып қалды
- авторТомирис Тоныкөк
- 31 қазан, 2024