Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Алматылық сот-медициналық сарапшы әйелді ұрды": полицейлер видеоға қатысты пікір білдірді

"Алматылық сот-медициналық сарапшы әйелді ұрды": полицейлер видеоға қатысты пікір білдірді
стопкадр видеодан
Жетісу облысының тәртіп сақшылары оқиға 9 қаңтарда Талдықорғанда болғанын айтты.

Желіде Талдықорғанда ер адамның жұмыс орнында әйелді ұрып-соғып жатқаны түсірілген видео жарияланды, - деп хабарлайды  KYN.KZ  тілшісі  Tengrinews.kz  сайтына сілтеме жасап.

Видеодағы  "кейіпкері" алматылық сот-медициналық сарапшы екені мәлім болды: басылым тілшісі полицияға тиісті сауал жолдады.

"Алматы қаласының Сот сараптамасы институтының сарапшысына қатты ұқсайтын ер адам жұмыс орнында әйелді ұрып-соғып жатыр. Ішкі істер министрлігінен шара қолдануын сұраймыз", - делінген видеоның астындағы сипаттамада.

Жетісу облысының тәртіп сақшылары оқиға 9 қаңтарда Талдықорғанда болғанын айтты.

"Полиция бұзақылық бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Оқиға 9 қаңтарда Талдықорғандағы интернет-дүкендердің бірінде болғаны анықталды. Тергеу жалғасып жатыр. Тергеу мүддесіне қатысты басқа мәліметтер жария етілмейді", - делінген облыстық полиция департаментінің жауабында.

Видеода балағат сөз бар!

 

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар