Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Асу Алмабаев UFC турниріндегі екінші жекпе-жегінде жеңіске жетті

Асу Алмабаев UFC турниріндегі екінші жекпе-жегінде жеңіске жетті
әлеуметтік желі
Жеңіл салмақтағы жекпе-жек үш раундқа жоспарланған болатын және төрешілердің бірауызды шешімімен Алмабаевтың жеңісімен аяқталды.

 Қазақстандық спортшы Асу Алмабаев (18-2) Майамиде (АҚШ) өткен UFC 299 турнирінде сынға түсті.

Ол америкалық Си Джей Вергарамен (12-4-1) жұдырықтасты. Жеңіл салмақтағы жекпе-жек үш раундқа жоспарланған болатын және төрешілердің бірауызды шешімімен Алмабаевтың жеңісімен аяқталды – 30:27, 30:27, 30:27.

Осылайша, Асу Алмабаев кәсіпқой ММА мансабындағы он тоғызыншы жеңісіне қол жеткізсе, Си Джей Вергара бесінші рет жеңіліске ұшырады.

Алмабаев UFC-дегі екінші жекпе-жегінде де жеңіске жетті: ол промоушендегі бірінші жекпе-жегін 2023 жылғы тамызда өткізді – екінші раундта америкалық Оди Осборнды (12-6) жеңді. Сонымен қатар, Асу жеңіс сериясын он бес жекпе-жекке дейін ұзартты – қазақстандық боксшы соңғы рет 2017 жылы жеңілген болатын.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар