Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

2 млн қазақстандықтың жеке дерегі тарап кетті: Цифрлық даму министрлігі халыққа ұсыныс айтты

2 млн қазақстандықтың жеке дерегі тарап кетті: Цифрлық даму министрлігі халыққа ұсыныс айтты
jana.delfi.ee/
Жеке дерегі тарап кеткен азаматтар заң аясында өз құқығын таптағандарды жауапқа тарта алады.

Цифрлық даму министрлігі жеке деректері желіге тарап кетуі мүмкін делінген zaimer.kz микроқаржы ұйымының клиенттеріне тағы жүгінді. Бұл жөнінде ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған  KYN.KZ тілшісі хабарлайды.

5 наурызда "Мемлекеттік техникалық қызмет" АҚ zaimer.kz ("МҚҰ "Робокэш.кз" ЖШС) микроқаржы ұйымының клиенті саналатын 2 миллионнан астам қазақстандықтың жеке дерегі тарап кеткенін анықтады.

Ведомствоның Telegram-дағы арнасында жарияланған мәлімет бойынша, жалпы Robo.finance платформасында жұмыс істейтін микроқаржы ұйымдары клиенттерінің 36 миллионнан астам дерегі анықталған. Айта кетерлігі, zaimer.ru бойынша 16.8 миллион жеке дерек тараған. "Осылайша жеке деректерді қорғау саласындағы уәкілетті органның құзыретіне сүйене отырып, ЦДИАӨМ EgovMobile мобильді қосымшасы арқылы азаматтарды хабардар етіп, ақпараттың шығуының жағымсыз салдарын барынша азайту мақсатында ұсыныстар жіберді.

Егер сіз хабарлама алған болсаңыз және "МҚҰ Robokesh.kz" ЖШС-нің жеке деректерін жинауға және өңдеуге келісім бермеген болсаңыз, онда бұл жағдайда кінәлі тұлғаларға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қажетті шараларды толық қарастыру және қабылдау үшін Ақпараттық қауіпсіздік комитетіне жүгінуіңізді сұраймыз", - делінген хабарламада. 

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар