Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Ұзақ отырып қалмадым ба?": Төреғали абақтыда болған кезін сахнамен байланыстырып әзілдеді (видео)

"Ұзақ отырып қалмадым ба?": Төреғали абақтыда болған кезін сахнамен байланыстырып әзілдеді (видео)
Әнші: 40 күн отырғаным аз ба менің?

Қазақстанның түрлі қалаларын аралап, концерт өткізіп жүрген Төреғали Төреәлі сахнада суретке түскісі келген тыңдармандарымен әзілдесті, деп жазады KYN.KZ тілші.

Әншінің сахнадағы әзіл видеосы Instagram әлеуметтік желісіндегі zhuldyzdy_news парақшасында жарияланды. Кадрда сахна шетінде отқан Төреғали кішкентай тыңдармандарымен кезек-кезек суретке түсіп жатыр.

"Суретке түсеміз. Мен мына жерде ұзақ отырып қалмадым ба? 40 күн отырғаным аз ба менің? Концерт енді басталды. Суретке әлі түсеміз", - деді Төреғали Төреәлі.

Еске салсақ, Алматыда Lexus көлігінде әншінің ұсталғаны жайлы ақпарат көпшіліктің қызу талқысына түскен болатын. Кейін сараптама қорытындысы бойынша, оның ішімдікке тойып алғаны белгілі болған.

 

Admin
Автор

Admin

Админ

Ұқсас жаңалықтар